Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтердің қолдануы мерзімдері аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15 бабының 3-тармағына сәйкес келесі табиғи монополиялар субъектілеріне 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап тарифтер төмендетті:
- «Шымкент сушар» МКК-на суды каналдар арқылы беру қызметіне тариф 449,48 теңгеден/1000 м3 376,59 тенгеге/1000 м3 немесе 16,2%-ға төмендетілді;
- «Оңтүстік Энергосервис» МКК-на электр энергиясын беру қызметіне тариф 3,16 теңгеден/кВтсағаттан 1,81 теңгеге/кВтсағ. немесе 42,7%-ға төмендетілді;
- «Қазыгурт жолы» ЖШС-не бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф 181,23 теңгеден/ваг.км-ден 164,88 теңгеге/ваг.км немесе 9%-ға және маневр жұмыстарына тариф 5056,64 теңгеден/ваг.сағ-тан 4600,43 теңгеге/ваг.-сағ. немесе 9%-ға төмендетілді.