Қазақстанда газдың шекті бағасы бекітіледі

7843



Ең арзан көгілдір отын Маңғыстау облысында, ал ең қымбаты Қарағандыда сатылады.

ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген құжатта ел аумағында автокөлікке арналған сұйылтылған мұнай газының шекті бағасын өңірге байланысты бекіту (одан арзан сатуға болады, қымбат сатуға болмайды) ұсынылған.

Аймақ Шекті баға
Нұр-Сұлтан 70 тг/л
Алматы 69 тг/л
Ақтөбе облысы 54 тг/л
Атырау облысы 53 тг/л
Ақмола облысы 57 тг/л
Алматы облысы 70 тг/л
Шығыс Қазақстан облысы 68 тг/л
Жамбыл облысы 64 тг/л
Батыс Қазақстан облысы 68 тг/л
Қостанай облысы 65 тг/л
Қызылорда облысы 60 тг/л
Қарағанды облысы 73 тг/л
Маңғыстау облысы 50 тг/л
Павлодар облысы 63 тг/л
Солтүстік Қазақстан облысы 65 тг/л
Түркістан облысы 57 тг/л
Шымкент 55 тг/л

Қазіргі уақытта қазақстандық жанармай бекеттеріндегі бағалар реттелмейді. Ең арзан газ Маңғыстауда (литрі 50 теңгеден) сатылып жатыр. Ал кейбір аймақтардағы көгілдір отынның құны 75 теңгеден асады. Энергетика министрлігінің бұйрығы ең төменгі бағаны бекітіп, оның шарықтап қетуіне жол бермейді.


Kolesa.kz

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -