Айтқали Жайымов: Елбасы үндеуін ел болып қолдаймыз

8283



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор Айтқали Жайымов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өз үндеуінде: «Мен қашанда халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін» - деп, сын сағатта еңсемізді бір көтеріп тастады. Бірлігі жарасқан елді, ешқандай жау да, дау да ала алмайды. Сондықтан, дәл қазіргі саулықтың сыналар сәтінде, біз де ел басқарып отырған азаматтарға барынша қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл орайда мен түрлі алып қашпа әңгімелерге, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, ғайбат пен байбаламның орнына ғылым-біліммен шұғылданайық. Мәртебелі мәдениетімізді, төл әдебиетімізді, ұлттық өнерімізді дамытайық», - дейді А.Жайымов.

Мәдениет қайраткері қауіпті дерттің алдын алу шаралары өз уақытында қолға алынғанын атап өтті. Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қажетті шаралар қолға алынған.

«Біздің ортақ Отанымыз әуелі өзімізге керек. Мен осы орайда Елбасының: «Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз», - деген сөзіне толықтай қосыламын. Бастысы сақтық шараларын сақтап, мемлекет тарапынан қолданылып жатқан нұсқауларды орындайық. Сонда ғана мәңгілік елдің іргесін мықты қылмақпыз. Біз Елбасы үндеуін ел болып қолдаймыз. Халқымыздың басты байлығы, береке-бірлігімізден ешкімде айырмасын», - дейді Айтқали Жайымов.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -