Коронавирус індеті жұқтырған жағдайлар туралы

8008


❗️Батыс Қазақстан облысы - 1 жағдай:

Коронавирустық инфекция табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 37 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан жөтелу, тұмаурату белгілері анықталды. 

Аталған азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

❗️Түркістан облысы - 1 жағдай:

Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген.

❗️Қарағанды облысы - 1 жағдай:

Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам. 

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

? Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.


фото: Claudio Furlan/Lapresse via AP

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -