Ақмола облысында жазасын өтеп жатқан сотталған әке-шешесіне арнап өлең шығарды

8305

Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан Айдос Сәрсенбай атты жігіттің өлеңі «Әке-Ана» деп аталады.

Абақтыда отырған кейбір азаматтардың қаншалықты өнерлі екендігіне ешқандай күмән жоқ. Қандай қылмыс жасаса да, Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Айдос Сәрсенбайдың жүрегіндегі мейірім мен алдағы өмірге деген үміттің ешбір сөнбегендігі анық байқалады. Әке-шешесіне деген сағынышын білдіріп, өзі жасаған қателіктеріне өкінгенін ата-анасына арнаған келесі өлең жолдарынан байқап білуге болады. 

«Әке – Ана»

Асылым – Анашым,

Әкешім - асқар шың,

Өмірдің байлығы,

Білмедім қадірін.

Жақсыны ұмытып,

Ренжітіп алдым көп,

Өмірдің жолында,

Адасып жүріппін.

Асылым Анашым, өмірде

Жасадым қателік қаншама!

Өзгерем мен енді, шын сөзін

Беремін сіздерге, уәдемді.

Өтінем, мұңайып қайғырма,

Өкпеңді түсінем, білемін,

Тентектік жасаған кезімді,

Ұмытып кешірші, ұлыңды.

Көз ілмей қаншама,

Уайыммен күн кештің,

Қатемді түсіндім,

Сұраймын кешірім!

Өзгердім мен енді,

Өткенді ұмытып,

Сағындым сіздерді,

Әкешім, Анашым.

Международное информационное агентство «DKNews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews.kz» © 2006 -