9 Мамырға орай онлайн-челлендж бастаймыз!

17226



Құрметті жетісулықтар және барлық тілек білдірушілер!

Біз Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай онлайн-челленджді бастаймыз!

Ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бірге құттықтап, бейбіт өмір үшін жанын қиған майдангерлерді еске алып, рухына бірге тағзым етейік!

Қазақ тілінде немесе орыс тілінде өз құттықтауларыңыз жазылған бейнежазбаны бізге жолдауыңызға болады, бейнежазба арқылы соғыс туралы, Жеңіс жайлы өлең оқып, ән салуға да болады. Сол сияқты Отан соғысына қатысқан туған-туыстарыңыз туралы айтып, суреттерін көрсете аласыздар. Ең үздік деген бейнежазбалар облыс әкімі баспасөз қызметінің Инстаграмдағы Zhetysupress ресми парақшасына орналастырылады, ал ең көп лүпіл жинаған бейнежазба 9 мамыр күні жеке дара орналастырылатын болады.

Челлендж 2 мамырдан бастап 8 мамыр күнгі сағат 19.00-ге дейін жалғасады, бейнежазба 1 минуттан аспауы тиіс. Бейнежазбаны жариялау барысында қажет болатындықтан, өзіңіз туралы мәліметтерді көрсетуді ұмытпаңыздар.

Сіздердің бейнежазбаларыңызды асыға күтеміз, бейнежазбаны смартфондарыңызға түсіріп, төмендегі Whatsapp нөміріне жолдауларыңызға болады: 8 707 603 02 62



Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -