Жол-көлік оқиғасынан көлік жүргізушісі қаза тапты

10241



Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Автокөлік жүргізушісі қайтыс болды.

4 мамыр сағат 15:00 шамасында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тасжолының бойында  III интернационал ауылының тұсында “Volvo” маркалы жүк көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Камаз” жүк көлігіне соққан. Салдарынан “Камаз” жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталады.

Қызылорда облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолдағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында  жол жүру ережелеріне аса мән беріп, жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.  

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -