12 мамыр – Әлемдік мейірбике күні

12793

Әлемдік кәсіби мейірбике күні жыл сайын 12 мамыр күні белгіленеді. Медицина бикеші кәсібі ең ізгі, адамгершілігі мол, қоғамға пайдалы болып табылады. Емделушілердің жолды және сәтті емделуінің, шапшаң оңалтудың 50 % дұрыс күтімге тәуелді екендігі туралы бекер айтылмаған. Әр уақытта меірбикелердің жылы да қамқорлы, нәзік қолдары денсаулықты сақтап, миллиондаған адамға өмір сақтағандары айтыссыз.

«ЕС-164/1 мекемесі» РММ-де 15 жылдан аса медициналық бөлімшеде Нейч Алёна Геннадьевна еңбек етіп жүр. Бүгінгі таңда Алёна Геннадьевнаға оның туберкулезге қарсы ем алатын емделушілермен көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтуға мүмкіндігіміз бар. Оған қайырымдық, жауапкершілік, емделушілермен бірге мазасыздану, күн сайын ақ көңіл болып жүру сияқты адамгершілік сапалар тән. Өзіннің емделушілерінен, ең алдымен, ол денсаулығы әлсіз адамдарды көреді. Көбінесе денсаулығы әлсіз емделушімен байланыс табу өте қиын.

Емделуші жақын адамдарынан, үйден тыс, ашулы көңіл күйде немесе емделгісі келмейтін жағадайлар барысында, онымен одан әрі жұмыс жасау қиын болып табылады. Олармен келісушілік табу, емдеудің қажет екендігіне көндіру – Алёна Геннадьевнаның жұмысында ең қиын психологиялық сәттің бірі. Бірақ, қиын жағдайларға қарамастан, біздің мейірбикеміз арнайы контингенттің денсаулығын сақтау міндетін атқарып отыр. Олардың емделуі барысында әрдайым оларға медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Алёна Геннадьевна екі көркем қызға тәлім-тәрбие беріп, жас әже дәрежесіне де жетті. Өзіннің бос уақытында бақ өсірушілікпен айналысып, немерелеріне ілтипат көрсетіп жүр.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -