Жүрек бұлшықеттері мен тамырлардың жағдайын үнемі профилактикалық тексеріп отыру қажет

8459



Артериялық гипертония – әлемде кең таралған ауру. Қазіргі таңда артериялық гипертонияның асқыну себебінен өлім саны артып келеді. Алайда пациенттердің аурудың симптомдары мен асқынуы туралы хабардар болуы оны ерте анықтау үшін жеткіліксіз. Артериялық гипертония туралы ақпараттанудың жеткіліксіз болуы осы аурудың қаншалықты ауыр екендігіне мән бермеуге, маңызды асқынуларды болдырмау үшін аурудың ерте кезеңінде дәрігерге қаралудың төмен болуына әкеледі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология кафедрасының ассистенті Жанар Ибакова аурудың қауіп факторлары, симптомдары мен ауруды қалай жеңуге болатындығы туралы айтып берді. 

Оның айтуынша, ауруды болдырмау үшін оның пайда болу себептері, белгілері мен онымен күресудің жолдары туралы білімнің болуы қажет. Артериялық қан қысымының деңгейі 140/90 мм с.б. жоғары болуы артериялық гипертонияның бар екендігінің белгісі.

«Біз пациенттермен сөйлескен кезде көбіне қауіп факторлары туралы айтамыз. Бұл артериялық гипертония немесе басқа жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әкелетін адам ағзасының, өмірі мен тіршілігінің ерекшеліктері» - дейді Жанар Онгарбайқызы.

Әр адам аса маңызды қауіп факторлары туралы хабардар болуы тиіс, өйткені олардың кейбіреуіне ол өз бетінше немесе дәрігердің көмегімен әсер етіп, осылайша артериялық гипертонияның пайда болуы мен оның асқыну қаупін азайта алады. Артериялық гипертонияның даму факторының басқарылмайтын факторлары бар, олар – жынысы, жасы, тұқым қуалаушылыққа бейімділігі. Сондай-ақ адамның психоэмоциялық жүктемеге, стресске реакциясы, артық салмақ, жүріс-тұрысы аз өмір салты, темекі шегу, алкоголь ішімдіктерін, тұз, майлар мен қантты мөлшерден тыс тұтыну секілді басқарылатын қауіп факторлары да бар. Осы факторлармен тиімді күреспейінше артериялық гипертонияның алдын алуға және емдеуге қол жеткізуге болмайды.

Егер артериялық қан қысымының деңгейін бақыламаса, оның көрсеткіштерінің жоғарылауына көңіл аудармаса және артериялық қан қысымын төмендету бойынша дәрігердің нұсқаулықтарын орындамаса – жүрек, ми, көз тамырлары мен бүйрек тарапынан ауыр асқынулардың пайда болуы мүмкін.

Дәрі препараттарын қосудың қажеттігі туралы шешім, дәріні  таңдау – тек қана дәрігер қабылдай алатын шешім. Дәрігердің тәжірибесі мен білімі әр пациент үшін дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Өз бетінше артериялық қан қысымын анықтау қиын емес. Өз ағзаңызды тыңдаңыз. Жүрек бұлшықеттері мен тамырларының жағдайына үнемі профилактикалық зерттеулер жүргізіп отыру қажет. Ол тіс дәрігеріне қаралған секілді, қалыпты түрде үнемі болуы тиіс. Бұл әсіресе қауіп тобындағыларға қатысты.

Табиғат біздің ағзаның ұзақ өмір сүруі үшін жағдай жасады. Ал сіз бен біздің мақсатымыз өз денсаулығымызға ұқыппен қара дегенді білдіретін осы қорды сақтап қалу.

COVID-19 алғаш тіркелген Қытайдың мәліметтері аурудың күрделі түрі дамыған немесе оның салдарынан өлімге әкелген пациенттердің көбінде артериялық гипертензия және қант диабеті секілді ілеспелі патологиялардың болғандығы дәлелденгенін естеріңізге саламыз.


фото: infoliepaja.lv

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -