ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының референс - зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

6666



Вирустық инфекцияларды бақылау референс–зертханасы бүгінгі күнге дейін COVID-19-ға шамамен 10 000 зерттеу жүргізді. Зертхананың тәуліктік қуаттылығы 300 үлгіні құрайды және өткізу қабілетін тәулігіне 3000 үлгіге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

Референс зертхананың негізгі міндеті - референстік, арбитраждық, верификациялық зерттеулер жүргізу және үлгілерді қайта тестілеуден өткізу.

Референс зертханада COVID-19 зертханалық диагностикалау үшін верификацияланған тест-жүйелер, нәтижелерді растау үшін - ДДСҰ валидацияланған жиынтықтар пайдаланылады.

Сонымен қатар референс-зертхана Тұмау бойынша ұлттық орталық болып саналады және ДДСҰ-мен, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Тұмау ұлттық орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын белсенді атқарады. Бұдан басқа зертхана мамандары республикадағы COVID-19-ға тест жүргізетін зертханаларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі инфекциялар бойынша сапаны сырттай бағалаудың Ұлттық бағдарламасын жүзеге асырады. 

ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының вирустық инфекцияларды бақылау референс-зертханасы ДДСҰ аккредиттеген зертхана мәртебесі бар озық және заманауи зертхана болып табылады. 

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -