Елорданың бақылау бекеттерінде зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде

10087



Нұр-Сұлтан қаласының бақылау бекеттерінде санитарлық жұмыстар карантин талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.  Мәселен, жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің температурасы міндетті түрде өлшеніп, коронавирус инфекциясы белгілерін анықтау бойынша тексерістен өтеді.

«Температурасы және вирустық аурудың белгілері бар азаматтар анықталған жағдайда, олар бекет орнынан алшақтатылып, әрекет ету алгоритміне сәйкес жедел медициналық көмек шақырылады.  Содан кейін олар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізіледі.  Әр бақылау бекетінде күн сайын төрт рет залалсыздандыру шаралары жасалады», - деді елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің басшысы Зекен Ысқақов.

 Ел үшін қиын кезеңде «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен бірлесіп, коронавирустық инфекциямен күресуге қатысатын қазақстандықтарға гигиеналық өнімдерді таратуға қаражат бөлді.

«Карантин кезінде волонтерлер коронавирусқа қарсы күреске қатысқан барлық қызметкерлерге 50 000 арнайы беттұмша таратады.  Бүгін біз беттұмшаларды бақылау бекеттерінің қызметкерлеріне тарата бастадық.  Сонымен қатар, карантин кезіндегі қолдау мен еріктілік қызметтің маңыздылығын атап өткім келеді.  Бұл орайда қала тұрғындарын волонтерлер қатарына қосылуға шақырамын», - деді елордалық волонтерлер штабының басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Международное информационное агентство «DKNews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews.kz» © 2006 -