Дариға Назарбаева Астана және Қазақстанның митрополиті Александрға Рождество мейрамымен құттықтау жолдады

1122

- Сізді және Қазақстандағы православ дініне барша сенушілерді шуақты Рождество мерекесімен құттықтаймын.

Бұл мейрам түрлі халықтар мен мәдениет өкілдерін біріктіретін мәңгілік рухани құндылықтар мерекесі болып табылады.

Адамдар жүрегіне іңкәрлік мен ізгіліктің, жақыныңа деген жылылықтың шуағын құятын Рождество күндері өмірді бағалай білуге және өзгелермен үйлесімді өмір сүруге үйретеді. Бейбітшілік пен игілік, ізгі ниет пен иманды істер осы мейраммен үндес келеді.

Қазақстан қоғамының әр мүшесіне осы құндылықтардың бәрі етене жақын. Сондықтан да біздің еліміз қарқынды қадам басып, әлеуметтік әл-ауқат пен рухани келісім нығаюда, экономика дами түсуде.

Ізгі мерекеге орай әрқайсымызға бейбітшілік пен игілік, іңкәрлік пен береке, өсіп-өркендеу тілеймін, - делінген құттықтауда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -