Мәжілісте бірқатар ратификациялық жаңа заң жобалары мақұлданды

679



Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда Ұжымдық қауіпсіздікке қатысты бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды.

Атап айтқанда, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы Хаттамаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі қатысушы мемлекеттердің басшыларынан не, егер өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау өкілеттіктері берілген болса, қатысушы мемлекеттердің үкімет басшыларынан тұруға тиіс.


Сонымен қатар ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалану туралы шешімді қатысушы мемлекеттердің басшылары не, егер өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген болса, қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары қабылдайтын болады.

Отырыста «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды.

Хаттамаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің құрамына мүше мемлекеттердің басшылары не, егер өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау өкілеттіктері берілген болса, мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кіреді.

Егер Кеңес өзгеше шешім қабылдамаса, аумағында Кеңестің кезекті сессиясы өтетін мемлекет атынан өкілдік ететін Кеңестің мүшесі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы болып табылады.

Жалпы отырыста Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Хаттаманың мақсаты әріптестік институтын құру және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы жанындағы байқаушының мәртебесін реттейтін нормаларды жетілдіру.

Хаттамаға сәйкес Ұйымның ашық нормативтік құқықтық базасын, қызмет тәжірибесі мен практикасын зерделеуге қызығушылық танытатын, Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу туралы міндеттемелер қабылдамастан, Ұйым жанындағы Байқаушы мәртебесін ала алады.

Ұйымның мақсаты мен қағидаттарын жақтайтын, Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу бойынша міндеттемелер қабылдап өзара қызығушылық білдіретін салаларда Ұйыммен өзара тиімді ынтымақтастық қатынасын орнату мен дамытуды қалайтын, Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның Әріптесі мәртебесін ала алады.

Сондай-ақ, отырыста мақұлданған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасының мақсаты – ҰҚШҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарын қажетті қызмет жағдайларымен қамтамасыз ету.

Хаттамада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасарлары лауазымдарын атқаратын өкілдеріне болу елінде 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында дипломатиялық агент пен оның отбасы мүшелері үшін көзделген көлемде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет беру арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын арттыру көзделеді.

Сонымен қатар, бүгін Палата мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заң жобасын жұмысқа алды.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар И. Аронова, Е. Бектұрғанов, А. Жамалов, П. Казанцев, И. Клименко, А. Платонов М. Пішембаев, Б. Смағұл, М. Теміржанов, Ж. Ахметбеков, А. Қоңыров, Т. Сыздықов, А. Перуашев.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс ұсынылған өтініш негізінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Суретті түсірген Жаслан Құспанов

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -