Беларусь елінің инвесторлары Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне алғыстарын білдірді

693

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында "Antikor Ortalygy" сервистік ғимаратында "Protecting Business and Investments" жобасы төңірегінде шенеуніктер мен жергілікті және шетелдік инвесторлар арасында ашық диалог ұйымдастырылды.

Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған кездесуде "Protecting Business and Investments" жобасының кураторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов, сондай-ақ облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы, "Атамекен" ӨКП және "Kazakh Invest " ҰК АҚ өңірлік өкілдігінің басшылығы қатысты.

Естеріңізге сала кетесек, 2018 жылдан бастап елімізде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен "Protecting Business and Investments" жобасы жұмыс жасауда. Осы уақыт ішінде инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жөніндегі ондаған келісімге қол қойылды.

Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия секілді мемлекеттерден келген инвесторлар, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенім білдірді.

Жобаның тиімділігін заңсыз қосымша салық есептеу, жер қатынастары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік кедергілерді қамтитын мәселелердің шешілуі растап отыр.

Өткізілген кеңес шеңберінде нейрохирургия және травматология саласында жоғары технологиялық имплант бұйымдарды өндіруді жүзеге асыратын Беларусь Республикасының инвесторы"Қазмедбиотех" ЖШС, сондай-ақ газ толтыру станцияларын салумен айналысатын "Port Impex" ЖШС жергілікті инвесторымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойылды.

Мирлан Мұхамбетовтің айтуынша: «Біз алдағы уақытта да инвесторлардың қызметіне кедергі келтірудің әрбір фактісіне жедел және принципті түрде әрекет етуді көздеп отырмыз. Алдын алу шараларына назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инвестициялық жобаларға өзінің қатысуын бірден белгілейтін болады, бұл шенеуніктер үшін тежеуші фактор болуы тиіс».

Өз кезегінде Беларусь Республикасынан келген инвестор Дмитрий Клименок жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша проблемалық мәселелерді шешуге жедел жәрдем көрсеткені үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығына алғысын білдірді.

«Мәселені оң шешудің арқасында Ақтөбе облысы азаматтарының денсаулық сақтау жүйесіне медициналық мақсаттағы бұйымдардың инновациялық өндірісін тарту арқылы жақсарады, сондай - ақ ондаған жұмыс орны сақталып қалды", - деді инвестор.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -