Қайырбек Өскенбаев ЕЭК-ның Алқа мүшесі А. Кожошевпен кездесті

1170

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Арзыбек Кожошевпен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында ҚР ИИДМ басшысы Арзыбек Кожошевті жаңа лауазымды қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Сонымен қатар тараптар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің транспорттық ынтымақтастығын арттырудағы маңызды мәселелерді талқылады. Бұдан өзге аталған ұйым шеңберінде көлік-логистикалық кешенін дамыту тетіктері де назарға алынды.

Кездесу соңында басқосуға қатысушылар транспорт және инфрақұрылым саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайта беруге уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

DKNews International News Agency is registered with the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 10484-AA issued on January 20, 2010.

Theme
Autoreload
МИА «DKNews» © 2006 -