78 жасқа толған күні жаңа жүрек қақпақшасымен өмірге қайта келді

11539



Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова институттың кардиохирургтар командасымен аорта қақпақшасын биологиялық протезбен алмастыру және аортакоронарлық шунттау операциясынан кейін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады. Ол туған күнінде реанимациядан палатаға ауыстырылды. Роза Тоқтанәліқызы өның оптимистік көзқарасы мен ота жасатқан кезде батылдығын атап өтті.

На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят

Алексей Алексеевичтің өзі тек дәрігерлерге ғана емес, институттың бүкіл ұжымына ризашылығын білдіріп, мен дәрігерлерге өте ризамын, оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өзімді жақсы сезінемін, дендеріңіз сау болсын, деді.

Сондай-ақ, басқа  пациенттер де Алексей Алексеевичті құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и в помещении

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, пациент стационарға жатқызылған кезде, оның  шамалы күш түскенде ентігу, ауа жетіспеушілігі, жүрегі қысып, тез шаршау, жалпы әлсіздік сияқты  шағымдар болды. Ол жағдайдың ауырлығын жүрек жиырылуының төмендеуімен де байланыстырды.

Пациент 15 жыл бойы созылмалы обструктивті өкпе ауруы және бронх демікпесімен есепте тұрған, жүрекке тексерілмеген және емделмеген, тыныс жетіспеушілігі бронх және өкпе патологиясымен байланыстырылған.

На изображении может находиться: 5 человек, люди стоят и в помещении

КІАҒЗИ оған аралас аорта ақаулары (критикалық стеноз және 2 дәрежелі жеткіліксіздік), митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі, 3 дәрежелі артериалды гипертензия диагнозы қойылып, хирургиялық емге көрсеткіштер бар екені айтылды.

Пациенттің операциядан кейінгі жағдайы тұрақты, ол антибактериалды және дәрілік терапия алып, тыныс алу жаттығуларымен айналасуда.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -