БҚДА мен ЮНКТАД ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

5852

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин және ЮНКТАД бәсекелестік және тұтыну саясаты мәселелері секторының басшысы Тереза Морейра ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Серік Жұманғарин атап өткендей, қазіргі кезде Агенттік Қазақстандағы бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасын әзірлеп жатыр, оған Қазақстанның барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары тартылды. ЮНКТАД-тың елдік деңгейде бәсекелестікті дамыту саласындағы бай халықаралық тәжірибесі және сараптамасы бар ұйым ретіндегі тәжірибесі алдағы бес жылға жекелеген нарықтарда бәсекелестікті дамытудан күтілетін нәтижелер мен сенімді нысаналы индикаторларды қалыптастыру үшін өте пайдалы.

Тереза Морейра өз тарапынан Қазақстанның бәсекелестікті дамытуға беретін маңыздылық деңгейін жоғары бағалады, бұл осы процеске елдің барлық мемлекеттік органдарының тартылуымен расталады. «Бұл күрделі, бірақ сонымен бірге қызық әрі тартымды процесс, челлендждің өзі, және ЮНКТАД өз кезегінде барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын», - деп атап өтті ЮНКТАД-тың өкілі.

Международное информационное агентство «DKNews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews.kz» © 2006 -