ҚазҰУ – әлем университеттері рейтингінде

12177

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерге қатысады. Оның нәтижесі бойынша университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Жоғары деңгейдегі сарапшылардың пікірлерін негізге алған тағы бір агенттік, Rank ProWorldwide Professional University Rankings ҚазҰУ-ды үздік деп таныды. «Rank Pro by Subjects 2021» пәндік рейтинг қорытындысы негізінде ҚазҰУ – әлемдегі үздік ЖОО-лар арасында – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша – 351-400, «Математика» бағыты бойынша – 401-500 көрсеткіштеріне ие болған қазақстандық жалғыз оқу орны.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы университеттер қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар арасында да алдыңғы орында.

Рейтингті ұйымдастырушылар – «Жаһандық әлемдік коммуникатор» (GWC) әлемдік жетекші университеттерге тиісті баға беру үшін обьективті және сенімді жеті көрсеткішті пайдаланады: оқытушы-профессорлық құрамның сапасы; жоғары рейтингтік журналдардағы жарияланымдар; сапалы танымдық ғылыми мақалалардың саны; халықаралық патенттердің саны; әлемге танымал жетекші 2000 компанияларда қызмет ететін университет түлектері; білім беру сапасы.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -