Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры мен Елбасы академиясының ұйымдастыруымен дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдауға бағытталған «El umiti» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасына аудан бойынша 35 оқушы республикалық комиссияның шешімімен Елбасының қола медалі мен төсбелгі иегері атанды-деп хабарлайды-деп хабарлайды «Деловой Қазақстан» Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бұл марапат 6 ай ішінде 7 бағытта тапсырмаларды дұрыс орындаған жастарға беріледі.
««Дарын мен дағды», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Еңбек тәжірибесі», «Спорт пен дене шынықтыру» сияқты 7 бағыт бойынша ауданымыздағы 10 мектептен 35 үздік қатысушы бұл жобадан ойып тұрып орын алды», - деді Қалбибі Бекқалина.
Аружан Сәкен, Ақтау қаласы