ҚызПУ ғалымының ғылыми жобасы үздік деп танылды

14509

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Қажығалиеваның ғылыми жобасы республикалық конкурста үздік деп танылды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жоба тақырыбы – «Білім беруді цифрландыру жағдайында филолог-мұғалімдердің көптілділігін қалыптастыру».

Ғылыми жобаны жүзеге асыруға бөлінген грант құны – 5 млн теңге.

Қазіргі жаһандану, тілдердің өзара қарым-қатынасы және өзара әсері дәуірінде көптілділік мәселелері ғалымдардың назарын жиі аударуда.

Қазақстан Республикасы – жүзден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған көпұлтты мемлекет. Демократияландыруға және әлемдік кеңістікке табысты кіруге бағытталған көптілді қазақстандық қоғам, еліміздің этнотілдік ландшафтының қалыптасу тарихы – осының барлығы өзгермелі қоғам жағдайында тілдердің өзара қарым-қатынасы проблематикасын айтарлықтай өзектендіреді, – дейді ғалым.

Осы орайда аталған жоба оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін айқындауға септігін тигізбек.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -