Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

1089

«Қарағанды-Сұрыптау станциясының көлік полицейлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысқан Жамбыл облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», - дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Оның айтуынша, ұсталған азаматтан жалпы салмағы 23 келі болатын есірткі заты тәркіленген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат "гашиш"есірткі құралы болып табылады.

«Осы факті бойынша көлік полицейлері  ҚР ҚК 297 - бабы 3-бөлігімен яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді», - дейді полиция полковнигі.

«Осы жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысының мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп толықтырды сөзін Н. Әлібаев.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері  Көліктегі ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 338 есірткі қылмысын, оның ішінде 31 өткізу және 18 аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтады.

Заңсыз айналымнан 156 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 31 келі гашиш және 73 келі марихуана тәркіленді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -