ҚызПУ ғалымы – гранттық жобалар конкурсының жеңімпазы

1507

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институтының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Анар Қалиева гранттық қаржыландыруға арналған республикалық конкурстың жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Атап айтқанда, ғалымның «Қазақстандағы фармакологиялық шикізат ретінде Agrimonia asiatica Juz. өсімдігіндегі флавоноидтар мен илік заттардың тиімділігі» тақырыбындағы жобасы үздік деп танылған.

Жобаны жүзеге асыруға бөлінген грант құны – 8 млн теңге.

– Жобаның мақсаты – Қазақстанның оңтүстік-шығысында кездесетін азия ошағанын (Agrimonia asiatica Juz.) дәрілік өсімдік шикізаты ретінде өзіндік белсенділігін анықтау және фитохимиялық зерттеулер жүргізу, болашақта пайдалануға ұсыну, – дейді Анар Қалиева.

Оның айтуынша, ошаған құрамында флавоноидтар, илік заттар, фенол қышқылдары, эфир майы, полисахаридтер, аминқышқылдары, сапониндер сияқты ББЗ кешені бар және көптеген емдік қасиеттерге ие.

Жоба көлемінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері Scopus базасына енетін журналда және ҚР рецензияланатын ғылыми журналдарында жарияланады.

Зерттеу материалдары бойынша монография дайындалып, ғылыми семинарлар өткізіледі және зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда апробацияланады. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері тиісті пәндердің оқу мазмұнына енгізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -