Қыздар университеті: ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

1679

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.



Келісімге Қыздар университетінің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабеков пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова қол қойды.

Ынтымақтастық шеңберінде өзара ақпарат алмасу, «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға байланысты мәселелер, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы хабарландыруларды қос тараптың әлеуметтік желілері мен жаңалықтар лентасында жариялау, кадр мәселелері бойынша кеңес беру және олардың шешу жолдарын іздестіру сынды іс-шаралар жүзеге асады.

– Меморандум аясында тараптар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін, ашық есік күндерін, «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен кездесулерді, дөңгелек үстелдерді және өзге де бастамаларды бірлесе өткізбек. Сонымен қатар келісім оқу орны мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» арасында өзара тәжірибе және білім алмасуды көздейді, – деп атап өтті Қыздар университетінің баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -