Дүниежүзілік банкпен серіктестіктің жаңа бағыттары айқындалды

864

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы– Ректоры Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто бастаған делегация құрамымен кездесті. Жүздесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Білім ордасының басшысы, алдымен, Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы өзекті жобалардың нәтижелеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ұлттық адами капитал индексін жақсарту және Қазақстанды тұрақты даму брендіне айналдыру жөнінде ауқымды міндет қойған болатын. Оған білім мен ғылымды ілгерілету арқылы қол жеткізуге болатынын айтқан ректор: Университетімізде соңғы 10 жылда Дүниежүзілік банктің технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттары бойынша 5 миллион доллардан астам қаржы игеріліп, 10-нан астам шағын инновациялық кәсіпорын құрылды.  Әлемдік банк гранты бойынша 10 шетелдік студент білім алуда. Университет қызметкерлері әртүрлі курс, тағылымдамалардан өтіп, Вашингтондағы банк семинарларына қатысты" деп атап өтті.

Өз кезегінде Жан-Франсуа Марто ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды кеңейту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді. 2012 жылы Дүниежүзілік банк әлемнің кедей халқын электр энергиясымен және экологиялық қауіпсіз отын түрлерімен қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді басқару үшін Біріккен ұлттар ұйымының қызметіне қосылған болатын. Осыған орай тараптар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша: білім және ғылым, энергетиканы дамыту, энергияның баламалы көздері, қоршаған орта, кедейлік және гендерлік мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ, жүздесуде ортақ ғылыми-инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінімдер санын арттыру, банк құрылымдарында және серіктестерінде тағылымдадан өту мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі, ғылым мен техниканың өзекті бағыттары, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша стратегиялық әріптестік орнату бағыттары кеңінен қарастырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -