Қытайдың Орталық банкі облигациялардың айналысы мен олармен транкзакциялар механизмін оңтайландыруда

24046

Қытайдың орталық банкі облигациялар нарығының нақты экономикаға қызмет ету қабілетін кеңейтіп, тиімділікті арттыру үшін облигациялық операциялар мен айналыс тетіктерін одан әрі жетілдірді, делінген Қытай Халық банкінің мәлімдемесінде.

 Жаңа келісімдерге инфрақұрылымдық ұйымдар арасында тікелей жүйелік байланыстар орнату және осындай ұйымдардың делдалдық қызметтерін күшейту жолымен деректерді электронды түрде беруді енгізу кіреді.

 Құжатта эмитенттерден немесе жетекші андеррайтерлерден банкаралық несиелік орталыққа алғашқы ұстаушылар тізімін және олардың үлестерін ұсынудың қажеті жоқ екендігі айтылған.

 Мәлімдемеде облигациялар нарығының сапалы дамуына одан әрі ықпал ету мақсатында банк банкаралық нарықта облигациялармен операциялар жүйесін жетілдіре беретіндігі және инфрақұрылымдық ұйымдарды өздерінің ресми функцияларын орындауға бағыттайтыны айтылады.


Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -