Надежда Дубовицкая жеңісін Қазақстанға арнады

428

Қазақстандық Надежда Дубовицкая Сербияда өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Спортшы жеңісін туған елі Қазақстанға арнады.

«Мен, Надежда Дубовицкая Сербиядағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алдым. Бұл жеңісімді өз еліме, мені қолдаған және сенім артқан жандарға арнаймын. Алға, Қазақстан!», - деді видео жолдауында.

Айта кету керек, Қазақстан Жеңіл атлетика тарихында биіктікке секіруден соңғы 10 жылда алғаш рет тұғырға қайта көтерілді. Надежда 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша, 8 елдің спортшысын басып озып, жабық алаңдағы Азия рекордын орнатты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -