Давостағы ДЭФ назарында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері

2970
Фотосурет: Gov

Ұлттық экономика министрі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әлібек Қуантыров Carlsberg group-тың Бас директоры Якоб Ааруп-Андерсенмен, «Vestas Wind Systems A. S.» аға Вице-президенті Мортен Дирхольммен және «Schneider Electric» international Operations компаниясының өңір бойынша атқарушы Вице-президенті Маниш Пантпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері жөнінде өзара пікір алмасты. ҰЭМ басшысы инвестицияларды қолдау мен қорғаудың тиімді құралдары туралы айтып берді.

«Vestas Wind Systems A. S.» аға Вице-президенті және Schneider Electric компаниясының атқарушы Вице-президентімен әңгіме барысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұған қоса, Қазақстанда өндірісті оқшаулау жайлы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, ҚР-дағы инвесторларға қатысты қабылданатын салық салу мәселелері талқыланды. Өз кезегінде Carlsberg group-тың Бас директоры елімізде жүргізіліп жатқан салық саясатына, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді акциздеу жұмыстарына оң баға берді.

Осы күндері Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум өтуде. Экономика мен саясаттың жаһандық мәселелері талқыланып жатқан іс-шараның тақырыбы – «Сенімді қалпына келтіру».

Бұл а.ж. 19 қаңтарына дейін жалғасатын жыл сайынғы дәстүрлі 54-ші кездесу. Халықаралық форум жұмысына мемлекет пен үкімет басшылары, министрлер, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -