Дипломатиялық өзара іс-қимыл: Қазақстан мен Нидерланды негізгі мәселелерді талқылады

3773
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Нидерланды СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нидерланд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Шенген аймағында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлек назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -