Биоалуантүрлілікті сақтау: Қазақстан мен ӨЖЖ стратегияларды келіседі

6655
Фотосурет: Gov

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымындағы кездесуде Қазақстанмен ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Париждегі Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДСҰ) Бас директоры Моник Элуамен кездесті.

Сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұйым арасындағы елде және халықаралық ауқымда эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сындарлы ынтымақтастықтың елеулі тәжірибесін атап өтті.

2013 ж. бері Астанада қызмет атқарып келетін Орталық Азиядағы ДЖДСҰ Субөңірлік өкілдігінің мазмұнды жұмысын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы беделді ұйым мен Қазақстанның ұлттық ветеринариялық қызметі арасындағы тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жәрдемдесуге уағдаласты.

Бұрын Халықаралық эпизоотиялық бюро ретінде танымал болған және ағымдағы жылы өз қызметінің 100-жылдығын атап өтетін ДЖДСҰ қызметі жануарлар аурулары туралы сапалы ақпарат жинауға және таратуға және адамдар мен жануарлар әлемі үшін сау және қауіпсіз ортаны қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдауға бағытталған үкіметаралық ұйым болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -