Қазақстан Елшісін Сауд Арабиясының Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбековті Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министр, САК Климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Әділ әл-Джубейр қабылдады.
Кездесу барысында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, М. Меңілбеков Қазақстандағы қазіргі ішкі саяси ахуал туралы хабардар етіп, елдегі және жалпы қоғамдағы маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көздейтін реформаларға ерекше назар аударды.
Өз кезегінде, Мемлекеттік министр барлық бағыттар бойынша қазақстандық-саудтық өзара ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.