Қазақстаннан келген әнші "Славян базары" байқауында үздік атанды

4851
Фотосурет: Александра Хитрова / belta.by

Музыкант Витебскідегі беделді «Славян базары» халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жас  әнші өзінің кәсіби шеберлігі мен таланты арқылы жеңіс тұғырынан көрініп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Оның халықаралық байқаудағы үздік көрсеткіші барша қазақстандықтарға қуаныш сыйлайды.

Естеріңізге сала кетейік, конкурстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша әнші 70 балдың 69-ын жинады. Отандасымыз қатысушылардан оқ бойы озық шығып, бірінші орынға ие болды.

Ерназар ұдайы шеберлігін шыңдап, қабілетін арттырып келеді. Ол Алматыдағы эстрадалық-симфониялық оркестрінде өнер көрсетеді. Дисней компаниясының «Жұлдыздар шеруі» және «Болашақ» қоғамдық қорының бірегей бірлескен жобасына қатысты. Жобада өнерпаз «Сұлу мен құбыжық» фильмінің кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлетті.

Айта кетейік, бұл Ерназар Жұбанның алғашқы жеңісі емес. 2017 жылы ол Дельфи ойындарында және халықаралық «На крыльях музыки» байқауында бірінші орыннан көрінді. 2018 жылы «Жас қыран» дарынды студенттер тізіміне енді. 2020 жылы «Х Factor» жобасының финалисі атанды және «Сарандев» халықаралық вокал конкурсының жеңімпазы болды. 2021 жылы Румыниядағы «XVI - George GRIGORIU» халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысып, жеңімпаз атанды. 2021 жылы «Қазақстан дауысы» жобасының ширек финалына шықты.

Ерназарға шығармашылық табыс, шалқар шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -