Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін растады

4928
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протокол басшысы Мико Коскиненмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Финляндия сыртқы саяси ведомствосының Протокол басшысы Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, оған табысты жұмыс тіледі.

Сұхбаттастар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, сондай-ақ өңірдегі ахуалды талқылап, өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстардың арқасында стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастық рухында табысты дамып келе жатқан Қазақстан-Финляндия қатынастарын дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті.

Сұхбат қорытындысы бойынша Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Тараптар екі ел арасындағы серіктестік өзара іс-қимыл мен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -