Қазақстан мен БАӘ инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылады

4983
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруимен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы үкіметаралық стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларацияның жүзеге асу барысы, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат Әмірліктермен жаңартылатын энергия көздері, транспорт, логистика, жасанды интеллект, білім беру және т.б. салаларда жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде С. әл-Мазруи Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі дамытуға мүдделігін растады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірлесіп жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -