Инвестициялар және сауда: Қазақстан мен АҚШ қатынастарының жаңа көкжиектері

2816
Фотосурет: Gov

АҚШ Мемлекеттік департаментінде Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінде Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев пен Мемлекеттік хатшының басқару және ресурстар жөніндегі бірінші орынбасары Ричард Верма арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтудың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.

Ерекше назар 2023 жылғы қыркүйекте өткен «C5+1» президенттік саммиті аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне аударылды. Сонымен бірге, тараптар жоғары деңгейдегі сапарлардың саяси диалогты тереңдетуге және өзара сенімді нығайтуға ықпал еткенін ризашылықпен атап өтті.

Қазақстан Елшісі екіжақты сауданы кеңейту және Қазақстан экономикасына америкалық инвестицияларды тарту бойынша қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын растады.

Тараптар барлық деңгейде белсенді және конструктивті диалогты жалғастыруға бейілділіктерін растап, саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірде тұрақты даму мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -