Анталияда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Анталияда Қазақстанның Бас консулдығының ұйымдастыруымен Анталия провинциясының губернаторы Хулуси Шахиннің, жергілікті билік органдары басшыларының, сондай-ақ сауда және өнеркәсіп ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға қатысушылар сауда, инвестиция, туризм және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев екі елдің арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, Анталияның экономикалық және мәдени байланыстарды дамытудағы негізгі аймақ ретіндегі маңыздылығын баса айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге сенім білдірді және барлық деңгейде сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.