Ivanhoe Mines Қазақстандағы мыс қазбаларын геологиялық барлауға инвестиция салады

2970
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландты қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесуде геологиялық барлау, кен игеру және металл өңдеу салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Президентке Қазақстандағы Шу-Сарысу мыс бассейнінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының басталғаны жөнінде мәлімет берілді.

Ivanhoe Mines компаниясы бұған дейін аталған учаскедегі қазба байлықтарын зерттеуге 18,7 миллион доллар бөлгенін және инвестиция көлемін 4 жылда 115 миллион долларға дейін ұлғайтуға ниетті екенін хабарлаған еді.

Роберт Фридланд бұл жобаны жүзеге асыру барысында озық аэрогеофизикалық технологиялар мен мәліметтердің цифрлық талдауын пайдалану жоспарланып отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Қазақстанның мыс игеру тарихындағы ең ауқымды жобаны іске асыру әлемдегі осы руданы өңдеу ісінде жаңа перспективаға жол ашады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -