Анкара мен Астана ірі бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті

1705
Фотосурет: Gov

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Айше Беррис Екинджинің тең төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады.

Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайына шолу жасап, болашақтағы екіжақты ірі жобаларға инвестиция салу туралы ниеттес екенін білдірді.

Сондай-ақ энергетика, көлік, логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және медицина сияқты перспективті салалардағы ынтымақтастық бойынша жұмысты тереңдетуге келісті.

Дипломаттар түркі интеграциялық ұйымдары, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қолға алды.

2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын келісіп, Астана мен Анкара арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Бұдан бөлек, Ә.Бақаев Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмазбен кездесу өткізді. Дипломаттар Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты пікірлерімен бөлісіп, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -