Тоқаев пен Ердоған Анкарада ресми келіссөздерді бастады

2002
Фотосурет: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Анкарадағы Эсенбога халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған қарсы алды.

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын" Қасым-Жомарт Тоқаев
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqorda (@akordapress)

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -