Түркиядан 100 студент Петропавлға оқуға келеді

990
Фотосурет: Gov

Бүгін Қозыбаев университеті өзінің халықаралық мәртебесін нығайту жолында Eurostar Overseas Education Consultancy (Түркия) компаниясымен келісімге қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Eurostar Overseas Education Consultancy – 20 жылдан астам тәжірибесі мен бүкіл әлем бойынша кең серіктестік желісі бар халықаралық білім беру саласындағы жетекші сарапшы. Компания студенттерге ең жақсы университеттерді таңдауға көмектеседі, академиялық мәселелер бойынша кеңес береді және шетелдік білім беру бағдарламаларын ұйымдастырады.

Келісім аясында жыл сайын Петропавлға Түркия мектептерінен 100 түлек келеді. Олар оқуын Foundation факультетінде бастайды: бір жыл қарқынды ағылшын тілін оқып, Аризона университетінің қос дипломдық бағдарламаларына түсуге дайындалады.

Биыл Аризона университетімен жүзеге асырылатын бағдарламаларға 350-ден астам студент түсті, оның 153-і қос дипломды таңдады. Қозыбаев университетіне қазірдің өзінде Қытайдан, АҚШ-тан, енді Түркиядан студенттер келіп жатыр, бұл – университеттің жаһандық білім беру кеңістігінің бір бөлігі болғандығының айқын дәлелі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -