Қазақстан мен Түркия сыртқы сауда статистикасын қалыптастыруға қатысты ұстанымдарын келісіп алды

1320
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 8 қыркүйекте Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кеден қызметтері басшыларының он бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі өзара саудадағы статистикалық деректер алмасу саласында ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойды.

Құжат екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған және мыналарды көздейді:

  • өзара тауар саудасына қатысты статистикалық ақпаратты тұрақты түрде алмасу;
  • сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудағы әдістемелік тәсілдерді үйлестіру;
  • сыртқы сауда статистикасының салыстырмалылығы мен нақтылығын арттыру.

Аталған Хаттамаға қол қойылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып саналады. Сондай-ақ ол екі тарап мүддесі үшін ашық әрі тиімді деректер алмасудың дамуына ықпал етпек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -