World Cleanup Day 2025: Астанада Есіл өзенінің жағасын тазалау акциясы

1111
Фотосурет: instagram.com/euinkazakhstan

World Cleanup Day және #EUBeachCleanup науқаны аясында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі және Эстония Елшілігі сіздерді 2025 жылғы 20 қыркүйек күні Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауын тазалау іс-шарасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, елорда қонақтары мен тұрғындары, елшілер мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және студенттер Есіл өзенінің жағасын тазартып, «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасын қолдайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EU in Kazakhstan (@euinkazakhstan)

Күні мен уақыты: 20 қыркүйек 2025, 10:00-14:00

​​​​​​​Тазалау орны:  https://maps.app.goo.gl/kx6zXcs3dHiS5Uav5

Трансфер: Тіркеу формасы арқылы алдын ала жазылған барлық қатысушыларға арнайы автобустар ұсынылады.

ЕО Өкілдігі Эстония Елшілігімен серіктестікте Астанада пластикалық қалдықтарды азайту арқылы таза және салауатты болашақты қолдауға бағытталған Plastic-Free Challenge: 3 қадам жаса!  челленджін қуанышпен бастайды. Он жеңімпаз кездейсоқ таңдалып, 18 қыркүйекте ресми @euinkazakhstan және @estemb.astana Instagram арналары арқылы жарияланады да, әрқайсысы арнайы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, 20 қыркүйекте Астанада #EUBeachCleanup 2025 науқаны барысында өздерінің челлендж постын көрсеткен қатысушылар да арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ, Сіздерді Likekomek-пен бірлесіп ұйымдастырған “Waste Less for the Dress” арнайы науқанына қатысуға шақырамыз! Бұл күні тоқыма жинау жәшігіне пайданылмайтын таза киімдерді әкелген алғашқы 50 қатысушы оларды брендтелген мерчке айырбастау мүмкіндігіне ие болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -