Қазақстанның қолжазбалар ұлттық орталығы Минскідегі конгрессте баяндама жасады

1265
Фотосурет: Gov
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Беларусь Ұлттық кітапханасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Минск қаласындағы Беларусь Ұлттық кітапханасында ТМД, Индонезия, Мали, Мьянма, Оман, Палестина, Сербия, АҚШ, Того және Түркия елдерінің өкілдерінің қатысуымен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Кітапхана мәдениет феномені» атты ХІІ халықаралық конгресс өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD докторы Болдыков Жандос Бекділдаұлы қатысып, «Ұлы Жеңіс қаһармандары. Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы соғыстың адамдық қыры» тақырыбында баяндама жасады.

Конгресс аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Беларусь Ұлттық кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум аясында тараптар мәдени алмасуды кеңейтіп, кітапхана ісі мен оған қатысты салаларда ынтымақтастықты дамытуға келісті. Сондай-ақ кітапхана құжаттары мен ақпараттық ресурстарды бөлісу, цифрландыру, библиография және ғылыми ақпарат салаларында бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -