Түркия бизнесі Қазақстанның инвестициялық ахуалын жоғары бағалады

880
Фотосурет: Gov

Түрік бизнес өкілдері Қазақстандағы инвестицияларын ұлғайтуға ниетті екендерін растады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев және Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстанда қызмет атқаратын бірқатар түрік инвесторларымен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында кен өндіру саласында барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Eczacıbaşı Holding, Алматы облысында заманауи логистикалық орталықтың бірінші кезеңін жүзеге асырған LC Waikiki және осы өңірде кондитерлік өнімдердің өндірісі жобасын іске асырған Yıldız Holding, Шымкент қаласында 500 гектарлық өндірістік жылыжайдың бірінші кезеңін іске асырған Alarko Holding және Түркістан облысында белсенді биологиялық қоспаларды өндіру жобасын іске асырып жатқан Orzax İlaç компанияларының басшыларымен нәтижелі келлісөздер өткізілді.

Кездесу барысында аталған компаниялар Қазақстандағы жобалары жайында баяндап, инвесторлар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді. Сонымен қатар, компания басшыларына Қазақстандағы инвестицияларын әртараптандыру бойынша нақты ұсыныстар жасалды.

Аталған компаниялармен жаңа жобалар пысықталуда. Атап айтқанда Қазақстанда тыңайтқыштар өндірісі, орта сегмент үшін санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісі және кіші маркет желісін ашу жобалары қарастырылуда. Сонымен бірге Түркияның ең ірі мемлекеттік банкі Ziraat Bank Бақарма Төрағасы Бурханеддин Танйери мырзамен кездесу барысында банктің Қазақстандағы бөлімшесі 1993 жылдан бері жұмыс атқаруда екенін айтып, бұдан әрі Қазақстандағы бөлімшелерінің қызмет сапасын арттыратындығын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -