«Атажұртқа қош келдіңіз»: Ердоғанды Қазақстанда қалай қарсы алды

1034
Фотосурет: Akorda

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәртебелі мейманды Астана әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Ердоғанның ұшағын қазақстандық әскери авиация алып жүрді

Қазақстан шекарасына енген сәттен бастап Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Президенттің келуіне орай әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Түркия делегациясын балалар қарсы алды

Әуежайда екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Түркияның ресми делегациясын ерекше ықыласпен қарсы алды.

Олар Режеп Тайип Ердоғанға:

«Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!»

деп қазақ және түрік тілдерінде қошемет көрсетті.

Әуежай үстінен тулармен тікұшақтар ұшты

Салтанатты қарсы алу рәсімі кезінде Түркия мен Қазақстан туларын алып ұшқан тікұшақтар әуежай аумағының үстінен ұшып өтті.

Бұл көрініс екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастың символы ретінде бағаланды.

Ердоғанға «Домбыра» композициясы орындалды

Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түркия Президентіне арнап «Домбыра» композициясын орындады.

Қазақстан мен Түркия соңғы жылдары:

  • саяси байланыстарды
  • сауда-экономикалық ынтымақтастықты
  • мәдени-гуманитарлық қатынастарды

белсенді түрде дамытып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, Ердоғанның бұл сапары екіжақты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -