Футзалдан Қазақстан құрамасы плей-офқа шықты

3886

Бүгін Литвада өтіп жатқан футзалдан IX Әлем чемпионатының А тобындағы соңғы тур ойындары өтіп, плей-офқа жолдама алған құрамалар анықталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР МСМ

Вильнюс қаласында Қазақстан құрамасы үшінші ойында Венесуэламен тең түскенімен (1:1), қосымша көрсеткіш бойынша топта бірінші орын алды.

Бесінші минутта Дуглас қарымта шабуылды сәтті аяқтап, құрамамызды алға шығарды. Алайда матчтың аяқталуына 10 секунд қалғанда Видаль таразы басын теңестіріп кетті. Екі құрама еншісінде 7 ұпай бар. Бірақ соғылған, өз қақпасына өткізген гол көрсеткіші жағынан нәтижеміз жақсы болғандықтан Қазақстан көш басында қалады.

Венесуэла - қазақстандық футзалшылар күш сынасқан жалпы 52-ші құрама. Ал Латын Америкасы елдері арасында Аргентина мен Бразилиядан кейінгі үшінші құрама.

Айта кетейік, ұлттық құрама Әлем чемпионатының осыған дейінгі екі матчында жеңіске жеткен. 12 қыркүйекте Коста-Рикадан (6:1), 15 қыркүйекте алаң иесі Литвадан (3:0) басым түсті.

Қазақстан құрамасының плей-офтағы қарсыласы ертең белгілі болады. Кака баптайтын футзалшылар 1/8-де С, D я болмаса E тобында үшінші орын алған құрамамен кездеседі. Аталған матч 23 қыркүйекте Каунас қаласындағы Жальгирис-Аренада өтеді деп жоспарланған.

 
 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -