Шымкентте карантин талаптарын бұзған кезекті караоке клубы анықталды

3429

Шымкентте карантин талаптарын бұзған кезекті караоке клубы анықталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

19 қыркүйек сағат 03:55-те Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесі бойында орналасқан “Solo” караоке клубы карантиндік талаптарды сақтамай, түнгі 00:00-ден кейін жұмыс жасап жатқаны, сонымен қатар қызметкерлердің бір реттік пайдаланылатын бетперделерді тақпауы, қорғаныш құралдарын пайдаланбауы мен келушілердің дене қызуын өлшейтін құрылғының мүлдем жоқ екендігі анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -