Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

19199

Қорғаныс ведомствосында Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.  

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Қатысушылар әскери басқаруды орталықтандыру, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ашу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-ғылыми әлеуеті мен ғылыми-эксперименттік базасын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндамалар жасады.

Отырыс барысында Қарулы Күштерде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ақпараттандыру және оның ауқымын кеңейту, сондай-ақ әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелері қаралды.

Әскери кадрларды даярлау, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне соңғы кездегі қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді бағалаудың жаңа әдістерін енгізу, ТМД елдері мен алыс шетелдердің ғылыми-білім беру мекемелерімен байланыс ауқымын кеңейту мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні Әскери қауіпсіздік ауқымындағы зерттеулер әскери саланың барлық негізгі бағыттарында дамып келеді.

Бұған көптеген жас қазақстандық ғалымдардың, ғылыми-зерттеу топтары мен ұжымдардың шетелдік ғалымдармен халықаралық ынтымақтастыққа жемісті жұмысқа қызығушылығын арттыруға  ықпал етіп, бұл шетелдік орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарындағы материалдар мен ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ведомствоаралық комиссия мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен негізгі бағыттарын қарайтын консультативтік-кеңес беруші орган болып табылатынын атап өткен жөн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -