Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

16830

15 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қашықтықтан өткен отырысқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

slider

Отырыс барысында Ашық үкімет порталдарын және Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын (МО ИРБП) дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Мемлекеттік аппараттың бюрократиялығын төмендету жөніндегі жол картасын іске асыруы туралы ақпарат тыңдалды.

slider

Қабылданып жатқан шаралар мен проблемалық мәселелер, оның ішінде мемлекеттік органдардың «Ашық деректер» порталдарындағы және МО ИРБП-дағы ресми парақшасындағы ақпаратты уақытылы өзектендірмеуі туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.А. Тлепов баяндады.

slider

Өз кезегінде Министр «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша анықталған уәкілетті тұлғалар осы мәселелерді бақылауда ұстауы тиіс екенін атап өтті.

slider

«Демек, олардың тарапынан тиісті түрде мониторинг, үйлестіру және бақылау жүзеге асырылмайды. Бүгін мемлекеттік органдар басшыларының назарын осыған аударамын», - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Н.Тұрысов өз сөзінде «Ашық үкімет» және МО ИРБП порталдарын одан әрі дамыту, оларды іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар жасады.

Өз кезегінде, А. Балаева мемлекеттік органдар өкілдерінің ескертулері мен қоғамдық сын Ашық Үкімет пен МО ИРБП порталдарының жұмысын дереу жетілдіру қажеттігін айғақтап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Министр а.ж. желтоқсан айында Комиссия отырысында ЦДИАӨМ-мен атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты тыңдауды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік органдарға «Ашық үкімет» порталдарымен, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасымен және т.б. жұмыс сапасын күшейту бөлігінде бірқатар ұсынымдар әзірледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -