Қарағанды облысында покерді заңсыз ұйымдастыру дерегінің жолы кесілді

1262

Қазақстанда «Ойын бизнесі туралы» заңда белгіленген орындардан тыс құмар ойындарды ұйымдастыруға тыйым салынады және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған  А. Левской азаматын ұстады. 

А. Левской 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Қарағанды қаласының түрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, заңсыз «Покер» құмар ойындарын өткізген.

Сонымен қатар, ол кейіннен ойыншылар мен «крупье-дилерлерді» тарта отырып, «курьер-дилер» рөлін атқарды.

А. Левской 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелер жою үшін берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -