Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары

10857

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары: 1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен 94 086 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2) ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

Салық кодексінде сондай-ақ үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға жеке табыс салығының сомасын 60 мың теңгеге, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% аспайтын мөлшерде азайту көзделген.

Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -